Шымкенттік сот судьясы он ерлі-зайыптыларды ажырасудан сақтап қалды

0
1 252

Нәтижесінде 32 бала толыққанды отбасында тәрбиеленетін болды.


Шымкенттік сот судьясы он ерлі-зайыптыларды ажырасудан сақтап қалды

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Шымкенттік сот судьясы некені бұзуға арыз берген он отбасыны бір күнде ажырасудан аман сақтап қалып, нәтижесінде 32 бала толыққанды отбасында тәрбиеленетін болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Шымкент қаласының Абай аудандық сотының судьясы Еркін Отарбаев ажырасуға талап арыз берген 10 ерлі-зайыптыны бітімге шақырған және азаматтық істерді қарау барысында некені бұзып, өз жөнімен кеткісі келген жұбайларға әрбір баланың жан-жақты азамат болып өсуі үшін ата-ананың ролі зор екендігін айтып түсіндірме жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде, судьяның сөзіне тоқтаған ажыраспақ болған 10 жұп бір күнде шаңырақтарын шайқалтудан бас тартқан және өз қалауларымен медиациялық келісімді бекітуді сұраған.

«Келісімнің шарттары бойынша талап қоюшылар өзінің талап арызынан бас тартып, тараптар кәмелет жасына толмаған балаларына қамқорлық жасауға, материалдық жағдайын қамтамасыз етуге міндеттенеді. Соттың ұйғарымымен тараптардың араларындағы түзiлген дауды сот-медиация тәртібінде реттеу келісімі, ондағы шарттарымен қоса бекiтiліп, iс жүргізу өндiрiстен тоқтатылды. Бұл істер бойынша төленген мемлекеттік баж салықтары талап қоюшыларға қайтарылды», - делінген Шымкент қалалық сотының мәлімдемесінде.