Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Тәртіпті өзіңнен баста» атты құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша жылдық қорытынды кездесу өтті.
Іс-шараның мақсаты – қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастыру және құқықбұзушылықтың алдын алу шараларын күшейту арқылы қауіпсіздік деңгейін арттыру.
Кездесуге Шымкент қаласы қала прокурорының аға көмекшісі Қайсар Қалдыбаев, Шымкент қаласының полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Бауыржан Карбеков, Жол-көлік колледжінің директордың міндетін уақытша атқарушы Берік Ешимов және белсенді жастары қатысты. Жалпы, қаламызда орын алған қылмыстық істердің басым көпшілігі түнгі уақытта заңды өкілінсіз немесе ата-анасынсыз жүру деректері тіркелген. Бұл туралы қала прокурорының аға көмекшісі Қайсар Қалдыбаев айтты.