​ШЫМКЕНТТІКТЕР АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІН ҚАРСЫ АЛДЫ

0
1 073

Көркем гимнастикадан ҚР ұлттық құрамасының бас бапкері Әлия Юсупова шәкірттері бұл жолы тарихи жеңіске қол жеткізгенін атап өтті.


​ШЫМКЕНТТІКТЕР АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІН ҚАРСЫ АЛДЫ

Шымкент қаласының әуежайында көркем гимнастикадан ХІХ жазғы Азия ойындарының жүлдегерлерін салтанатты күтіп алу рәсімі өтті.

Қала спортшылары Эльжана Таниева мен Милана Парфилова командалық есепте күміс, жекелей сында 1 күміс, 1 қола жүлде жеңіп алған-тын.

Іс-шарада Шымкент қаласы мәслихатының депутаты Қайрат Имашев, қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының бөлім басшысы Шоқан Әбдіхалықов спортшыларды жүлдесімен құттықтап, алдағы жауапты бәсекелерде сәттілік тіледі.
Көркем гимнастикадан ҚР ұлттық құрамасының бас бапкері Әлия Юсупова шәкірттері бұл жолы тарихи жеңіске қол жеткізгенін атап өтті.
– Шымкент қаласының көркем гимнасшылары кезекті Азия ойындарында сенімді ақтап, жүлделі орындарға ие болды. Сонымен қатар, жергілікті спортшылар жекелей сында екі жүлде алды. Бұл - тарихи жетістік. Алда Олимпиада ойындарына жолдама алуымыз қажет. Енді сол жарысқа дайындаламыз, – деді Әлия Мақсұтқызы.
Көркем гимнастикадан жеке жаттығу сайысында Эльжана Таниева күміс, Милана Парфилова қола жүлде иеленді. Жерлестеріміз командалық көпсайыс бәсекесінде екінші орын алды.
Шымкент қаласының көркем гимнастикадан Азия ойындарында жеңісті дәстүрі бар. Өткен Азия ойындарында Алина Әділханова алтын жүлдеге қол жеткізген болатын.
Дереккөз: «Шымкент келбеті»