Шымкенттің әкімі өзінің тағайындалуына қатты қуанғанын айтты

0
1 839

Осыған дейін Қазақстанның премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев үкімет отырысы барысында Шымкент пен Түркістан облысы әкімдеріне үндеу жасаған болатын


Шымкенттің әкімі өзінің тағайындалуына қатты қуанғанын айтты

Республикалық дәрежедегі қала атауына ие болған Шымкенттің әкімі Ғабидолла Әбдірахымов өзінің тағайындалуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ERNUR.KZ Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

"Президент Шымкенттің мегаполис болатыны жайлы осыдан бірнеше жыл бұрын да айтқан болатын. Ал менің тағайындалуым жайлы айтатын болсам... Әрине, бұл мен үшін күтпеген жерден болды. Бұл шешімді Мемлекет басшысы қабылдайды. Қабылданған шешімге қатты қуандым, барлық күшімізді саламыз", - деді Шымкент әкімі үкімет отырысынан кейін.

Осыған дейін Қазақстанның премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев үкімет отырысы барысында Шымкент пен Түркістан облысы әкімдеріне үндеу жасаған болатын. Сағынтаев шенеуніктерге Мемлекет басшысының Түркістан облысын құру және Шымкентке республикалық маңызы бар қала ретінде бекіту туралы жарлығын еске салған болатын.

Еске сала кетсек, 19 маусымда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда Түркістан облысы пайда болатыны жайлы заңға қол қойған еді.