​ШЫМКЕНТТІҢ ГҮЛДІ КЕЛБЕТІНЕ ЕРЕКШЕ НАЗАР АУДАРЫЛУДА

0
78


​ШЫМКЕНТТІҢ ГҮЛДІ КЕЛБЕТІНЕ ЕРЕКШЕ НАЗАР АУДАРЫЛУДА

ERNUR.KZ. Шымкент қаласында қолайлы әрі көрікті қалалық орта қалыптастыру мақсатында гүлзарлар мен жасыл желектерді күтіп-баптау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Мамандар күн сайын гүлдерді суарып, арамшөптерден тазартып, топырағын қопсыту жұмыстарын атқаруда.


Қаланың эстетикалық келбетін сақтау және гүлзарлардың сәнін арттыру мақсатында маусымдық агротехникалық шаралар да кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Бұл жұмыстар гүлдердің жайқалып өсуіне және қала аумағының көркеюіне оң әсерін тигізеді.

Көгалдандыру бағдарламасы аясында шаһарда жыл сайын маусымдық және көпжылдық гүлдер отырғызылады. Биыл да бұл бағыттағы жұмыстар қарқынды жалғасып, қаланың негізгі көшелері, айналма жолдары, саябақтары, гүлзарлары мен қоғамдық кеңістіктері түрлі гүлдермен безендірілуде.

Бүгінгі таңда мегаполис аумағына 800 мыңға жуық гүл көшеті егілді. Гүлдерді отырғызу және оларды күтіп-баптау жұмыстары маусым бойы жалғасады. Осы мақсатта арнайы техника мен білікті мамандар жұмылдырылған.

Жүргізіліп жатқан кешенді жұмыстар қаланың көркін арттырып қана қоймай, тұрғындарға жайлы әрі тартымды орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.