Шымкенттің «Стандарт» командасы енді Украинада өтетін әлем чемпионатына қатысады.
Шымкенттің «Стандарт» командасы футболдан әуесқойлар арасында өткен Қазақстан чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
18-20 қыркүйек күндері Нұр-Сұлтан қаласында өттікен чемпионатқа 32 команда қатысып, 8 топқа бөлініп бақ сынады.
Шымкенттік аяқдопшылар алғашқы кездесуде Сәтпаев қаласының «LFC JB - SATPAYEV», Қарағандының «ТЧЭ-14» және Жаңаөзеннің «Арлан» командаларынан басым түсті.1/8 финалда Қарағандының «Прогресс» командасын жеңді. Ширек финалда Ақтау қаласынан келген «Атриум Геолог» командасын 1-0 есебімен жеңгенжерлестеріміз жартылай финалда 4-2 есебімен Қарағандының «К-MED» командасын ұтты.
Финалдық кездесуде Нұр-Сұлтан қаласының «Есіл» сауда үйі» командасын шымкенттік футболшылар 3-2 есебімен жеңіп, ел чемпионы атанды.
Осымен 8 рет ұйымдастырылған чемпионат жеңімпазы Шымкенттің «Стандарт» командасы енді Украинада өтетін әлем чемпионатына қатысады.