«Тұран» жаңадан құрылған аудан болғандықтан, мемлекеттік кірістер департаменті тарапынан тіркелген салық органының коды берілмеген.
Шымкент қаласында жаңадан құрылған бесінші аудан тұрғындарына ХҚО-да көрсетілетін мемлекеттік қызметтер толық көлемде қолжетімді емес, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет»мемлекеттік корпорациясының» Шымкент қаласы бойынша филиалының өкілдері мәлімдеді.
Мамандардың сөзінше, «Тұран» жаңадан құрылған аудан болғандықтан, мемлекеттік кірістер департаменті тарапынан тіркелген салық органының коды берілмеген. Код берілген соң тұрғындар ХҚО-да барлық мемлекеттік қызметтерді кедергісіз ала алады.
“Бүгінде азаматтар үшін жүргізуші куәлігін алу, автокөлікті тіркеу/қайта тіркеу, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат беру, әлеуметтік төлемдер тағайындау және әлеуметтік көмек тағайындау сияқты қызмет түрлері қолжетімсіз екенін атап өтеміз”, - делінген жазбада.