Төтенше жағдай: Шымкентте түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр

0
438

Қазіргі таңда қалада 500-ден астам ерікті азамат қаладағы қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өз үлестерін қосуда.


Төтенше жағдай: Шымкентте түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр

Шымкент қаласының аудан аумақтарында төтенше жағдай режимі және коменданттық сағат кезінде заңдылықты сақтау, жастарды құқық бұзушылылықтан қайтару бойынша тұрғындармен кездесулер өткізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Абай ауданы аумағында Құрсай, Ақжар, Қатынкөпір, Самал-3, Ынтымақ, Жаңаталап, Көкбұлақ, Қызылжар, Ақтас елді мекені тұрғындарымен кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шараға қалалық мәслихат депутаттары, елді мекеннің ардагерлер кеңесінің төрағалары, қоғам белсенділері қатысты. Олар жастарды арандатпа сөздерге ермеуге шақырып, қазіргі таңда бірлігімізді сақтаудың маңыздылығын түсіндірді.

Айта кетсек, қазіргі таңда қалада 500-ден астам ерікті азамат қаладағы қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өз үлестерін қосуда. Олардың қатарында тұрғындар, белсенділер, танымал спортшылар мен спорт мектептерінің ұстаздары, дін өкілдері және өзге де сала мамандары бар.