Түркістан облысының дамуы үшін Шымкент қаласы ғылыми-әмбебап кітапханасын сыйға тартты

0
2 023

Кітапханасының құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын.


Түркістан облысының дамуы үшін Шымкент қаласы ғылыми-әмбебап кітапханасын сыйға тартты

Түркістан облысының дамуы үшін Шымкент қаласы ғылыми-әмбебап кітапханасын сыйға тартты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Кітапханасының құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Онда 250 мың кітап қоры болады. Оқу залы 392 орынға лайықталған. Үш қабатты ғимараттың жалпы аумағы 8414 шаршы метрді құрайды.

Кітапханада біршама технологиялық шешімдер қарастырылған. Мәселен, келуші экранды басып, қажетті кітапқа тапсырыс бере алады. Содан кейін автоматтандырылған жүйе конвейер арқылы оны қоймадан жеткізіп береді.

Елбасы тапсырмасы бойынша Түркістан қаласын дамыту үшін Шымкент қаласы да өз үлестерін қосып отыр. Нысандағы құрылыс-монтаж жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуін қала әкімі Мұрат Әйтенов өзінің жеке бақылауына алған.