Шымкентте қайырымды жандар 200 балаға ас берді

0
2 165

Бұл шара қайырымды жандар тобынан құралған азаматтардың белсенділігімен ұйымдастырылып отыр


Шымкентте қайырымды жандар 200 балаға ас берді

Рамазан айында қайырымды жандардың ұйытқысымен 200 астам балғындарға дастархан жайылды, деп хабарлады ERNUR.KZ тілшісі.


Бүгін Шымкент қаласында "Шымкент холл" салтанат сарайында Түркістан облыс Арыс қаласы, Сайрам, Төлеби аудандарының балалар үйі бүлдіршіндеріне, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандарға арнайы дастархан жайылды.

Қасиетті Рамазан айында ұйымдастырылып отырған мерекелік шараға 200 астам бүлдіршіндер қатысты. Бұл шара қайырымды жандар тобынан құралған азаматтардың белсенділігімен ұйымдастырылып отыр.


Мерекелік кешке "Holiday" анимациялық мекемесі бүлдіршіндерге қуыршақтандырылған көріністермен көңілді кеш сыйға тартты.

Ислам Әбдіхалық

"Мына бүгін ұйымдастырылған кештен керемет әсер алдым. Осы Рамазан айында бізге жақсылық жасаған азаматтарға алғысым шексіз. Рамазан айында тілерім барлық отбасыға аманшылық, елімізге бейбітшілік, ашық аспан", - деді Ислам Әбдіхалық Көксәйек арнайы негізі мектебінің тәрбиеленушісі.
Сонымен қатар, балалар үйінің тәрбиеленушілеріне мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында "Royal" би тобы және де елімізге танымал әншілер өз өнерлерін қонақтарға паш етті.
Кеш соңында ұйымдастырушылар тарапынан бүлдіршіндерге сый-сияпаттар, киім-кешектер табысталды.