Шымкент қаласының тұрғынына белгісіз біреу телефон соғып, өзін Ұлттық банк қызметкерімін деп таныстырған. Оның айтуынша, арам пиғылды алаяқ оның депозиттік шотындағы ақшасын ұрламақ болған.
“Заңсыз есептен шығарудың» алдын алу үшін қоңырау шалушы 61 жастағы әйелге өзі көрсеткен есепшотқа қаражат аударуды ұсынған. Оған сеніп, әйел жауапкерге 2 млн теңге аударған.
Сотқа жүгінген әйел алдау әсерінен және белгісіз біреудің алаяқтық әрекеті нәтижесінде ақшаны жауапкердің есепшотына аударғанын көрсеткен.
Бірінші сатыдағы сот жауапкерден 2 млн теңге өндіру туралы талап қоюды негізсіз баю деп қарай отырып, алаяқтық фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істің материалдарын назарға алып, оның аясында талап қоюшы жәбірленуші деп танылды.
Жауапкер («дроппер» деп аталатын) сотта талап қоюшыдан ақшаны сол қоңырау шалушының өтініші бойынша алғанын, кейін үшінші тұлғаларға аударғанын түсіндірген.
Алайда, ол бұл қаражатты алудың заңды негіздерін растай алмаған және олардың шығу тегін анықтауға әрекет жасамаған. Осыған байланысты оның ақшаға билік ету жөніндегі әрекеті сотпен алынған қаражатты өз бетінше пайдалану деп бағаланды.
Сот, жауапкер банк картасының иесі бола отырып, оны пайдаланғаны үшін, сондай-ақ оның банктік шотындағы барлық операциялар үшін толық жеке жауапкершілікте болатынын көрсетті.
Ол өз әрекетінің қауіп-қатерін білуі, заңсыз схемаларға қатысу мүмкіндігін түсінуі және өзінің кінәсіздігін дәлелдегенге дейін жауап беруі керек.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, сот жауапкерден талап қоюшының пайдасына негізсіз баю ретінде 2 млн. өндірді.
Апелляциялық саты шешімді өзгеріссіз қалдырды. Шешім заңды күшіне енді.