Динара Зәкиева Алматыдағы оқушы қыздың өліміне қатысты шұғыл мәлімдеме жасады

0
155

​Бала құқығы жөніндегі уәкіл қыздың әкесімен байланыстамын дейді.


Динара Зәкиева Алматыдағы оқушы қыздың өліміне қатысты шұғыл мәлімдеме жасады

Фото: istockphoto.com

ERNUR.KZ. Бүгін бірқатар БАҚ пен пабликтерде Алматыда оқушы қыз мектептегі буллингтен кейін өз-өзіне қол жұмсап, қаза тапқаны туралы ақпарат таратты. Бала құқығы жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева осы іске қатысты шұғыл мәлімдеме жасады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Медеу ауданындағы 17 жасар оқушы қыздың өліміне қатысты баланың әкесімен байланыстамын. «Өз-өзін өлтіруге жеткізу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деп мәлімдеді Динар Зәкиева.

Алматы қаласының полиция департаменті қазір оқиғаның мән-жайын анықтап жатырмыз дейді.

«Аталған дерек бойынша Медеу аудандық полиция Басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр», - деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желідегі дереккөздерге сүйенсек, марқұм қыз қаладағы жекеменшік мектептердің бірінде білім алған. Биыл 11-сыныпқа аяқ басқан оның сыныптастары «1-қоңырау күні мектеп директоры мен орынбасары оның киіміне тиісіп, буллинг жасады» деп жазған. Олар бұл пікірлерін мектептің желідегі парақшасына жазып кеткен.