Күн сайын «диета ұстаймын» деуден жалыққан болсаңыз, осы емдәм сізге арналады.
Кімде-кім тез арықтағысы келсе, өзін сүйкімді әрі сүйікті ететін мына бір диетаны ұсынамыз. Бірақ шыдамды болуыңыз керек. Егер сіздің бойыңызда мұндай қасиет болмаса, сізге қиындау болары сөзссіз. Ал арықтауға шынымен бел байласаңыз, соңына дейін барамын, шыдаймын дейтін болсаңыз, ары қарай оқыңыз.
Диета ең алдымен сұйықтық ішуден басталып, ақуыздар, жеміс-жидектермен жалғасады.
Ал диетаның ұзақтығы өзіңіздің ерік-жігеріңізге байланысты. Мысалы бір апта жеткілікті деп шешсеңіз, ары қарай жалғастырмай-ақ қоюға болады. Екі апта ұстағыңыз келсе, мархабат!
Дмиетаның қатал мәзірін сақтап, барлығын дұрыс орындайтын болсаңыз, бір аптада 3-7 келі салмақ тастау мүмкіндігі бар.
Диета кімдерге ұсынылмайды:
- Балалар мен жасөспірімдерге;
- Екіқабат және емізулі әйелдерге;
- Бауыр, бүйрек, асқазан-ішек жолдары ауруларында;
- Қаназдық пен талып қалу қаупі бар жандарға бұл диетамен әуестенбеген дұрыс.
- Өз денсаулығыңызға тым сенімді болған күннің өзінде дәрігерден кеңес алмай аталмыш диетаны ұстамаған дұрыс.
7 күнге арналған ас мәзірі
1-күн
Күні бойы таза су, қантсыз шай, майсыз айран, сорпалар, йогурт ішуге болады.
2-күн
Көкөкністерден құралған ас мәзірі болмақ. Екінші күні көкөністерді бұқтырып, қайнатып, пеште пісіріп жейсіз. Тағамға тұз, қант қосуға болмайды. Азырақ май мен лимон шырынын қосуға болады.
3-күн
Үшінші күні бірінші күнгі мәзірді қайталайсыз. Яғни, барлық сұйықтықты ішуге болады. Тіпті, майсыз сүт ішуге де рұқсат.
4-күн
Бұл күні тек жеміс-жейдейтер жеумен шектелесіз. Ең негізгі жемістер – алма, цитрусты жемістер мен анар жеген дұрыс.
5-күн
Бұл күнді ақуыздарға арнайсыз. Яғни, тауық еті, жұмыртқа, балық жей ұсынылады. Бірақ жоғарыда айтқанымыздай, қуырылған тағамды пайдаланбайсыз. Аталған өнімдерді қайнатып, бұқтырып, пеште пісіріп жейсіз.
6-күн
Бұл күні де тек сұйықтық ішуге тура келеді. Күні бойы таза су, қантсыз шай, майсыз айран, сорпалар, йогурт ішуге болады.
7-күн
Бұл күні жармалардан ботқа немесе омлет жасап жеуге болады. Сонымен қоса, балғын көкөніс салаты, көкөністер, жеміс-жейдектер жеу ұсынылады.
Жеті күнге арналған мәзірде өздеріңіз байқағандай, ерекше ешқандай тағам түрі берілмеді. Барлығы қарапайым, қолжетімді азық-түліктер. Сондықтан да болар бұл диета халық арасында өте кең тараған. Әсіресе шетелде «Сүйіктім» диетасын жиі ұстайтындар, онымен арықтауға қол жеткізгендер көп. Ендеше сіз де өз сымбатыңызды сымдай тартуға тырысыңыз! Адамның қандай болуы тек өзіне байланысты.
Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,
Тағы да оқыңыз:
САЛМАҚ ҚОСТЫРМАЙТЫН, банан мен какаодан ДТ пирог