Қандай энергиямен өмір сүреді?
Тәуліктің әр сәті — адам болмысының бір қыры. Астрологтар жұлдыз белгілерінің болмысын осындай уақыт сәттерімен салыстыру арқылы олардың өмірлік шабытын, ішкі қозғалысын, даму жолын көрсетеді. Жұлдыз белгілерінің сол уақытпен ұқсастығы арқылы «Қандай энергиямен өмір сүреді? Қай кезде шабыттанады? Қандай жолмен өмірді сезінеді?» деген сұрақтарға символдық жауап береді.
Таңсәрі – Арыстан
Арыстан – Күнмен басқарылатын белгі. Күн шығу – жаңалық пен өмірдің басталуы. Арыстандар да жарқыраған, көшбасшы, шабыт беретін тұлғалар. Олар жаңа бастамаларды өмірге әкеледі.
Таң – Бикеш, Мерген
Таң – ойдың сергектігі, жаңа жоспарлар уақыты. Бикеш – нақты, логикаға сүйенетін, жүйелі адам. Мерген – рухани ояну мен білім іздеуге бейім. Екеуі де жаңа күнге зерек ақылмен жауап береді.
Сәске түс – Егіздер, Суқұйғыш
Түс – энергияның шыңына жеткен уақыты. Егіздер – қарым-қатынас пен білімнің символы. Суқұйғыш – креативке, жаңашылдыққа етене жақын. Екеуі де интеллектуалды шыңда жүреді. Олар үшін сәске түс – шабыт кезеңі.
Түс ауа – Торпақ, Шаян
Бұл – тыныштық пен тұрақтылық кезеңі. Торпақ – тұрақтылықты, жайлылықты бағалайды. Шаян – үй, отбасы, ішкі тыныштыққа бейім. Екеуі де өмірдің баяулауын, жайлы жалғасуын қалайды.
Ымырт – Тауешкі, Балықтар
Кеш – жұмбақтық пен ішкі толғаныс кезеңі. Тауешкі – жұмыс пен жауапкершілікке негізделсе де, ішкі әлемі терең. Балықтар – интуитивті, рухани. Бұл екеуі де өмірге терең мәнмен қарайды, күннің соңындағы жинақтаушы сәттерге ұқсайды.
Кеш – Тоқты, Таразы
Бұл – өтпелі кезең, жарық пен қараңғылықтың шекарасы. Қорытынды жасау, шешім қабылдау, баланс іздеу, бір нәрседен екіншісіне өту сәті.Тоқты – жаңа бастаманың жаршысы, бірақ эмоционалды, кешке таяу батыл әрекет ететін белгі. Таразы – теңдік іздейтін, бірақ шешім қабылдауда ішкі күреске түсетін тұлға.
Түн ортасы – Сарышаян
Түн ортасы – ең терең, жұмбақ, ішкі тылсыммен бетпе-бет келетін уақыт. Сарышаян – трансформация, құпия, қайта туу энергиясының иесі. Түн ортасы оның табиғи үйі, ол қараңғылықтан қорықпайды, қайта күш алады.
Аударған: Керім Бек,
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: