Үшінші мегаполисте ​«Шымкенттен сөйлеп тұрмыз!» атты мерейтойлық іс-шара өтті

0
2 792

Думанды кешті белгілі сатирик Көпен Әмірбек пен Гүлмира Нәлібай жүргізді.


Үшінші мегаполисте ​«Шымкенттен сөйлеп тұрмыз!» атты мерейтойлық іс-шара өтті

Қазақ радиосының 100 жылдығына орай «Шымкенттен сөйлеп тұрмыз!» атты мерейтойлық іс-шара өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Салтанатты шараға қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, «Қазақ радиолары» ЖШС Алматы студиясының жетекшісі Бақыт Жағыпарұлы, «Шалқар» радиосының директоры Болатбек Төлепберген және зиялы қауым өкілдері мен қала тұрғындары қатысты.
Кеш барысында Қазақ радиосының тарихынан сыр шертіліп, үнжария ұжымында қызмет еткен тұлғалар туралы естеліктер айтылды. Бір ғасырлық ғұмырында Қазақ радиосы бағын жаққан өнер жұлдыздары ән салып, ыстық ықыластарын білдірді.
Думанды кешті белгілі сатирик Көпен Әмірбек пен Гүлмира Нәлібай жүргізді. Концерт барысында Нұрлан Өнербай, Жұбаныш Жексенұлы, Гүлнар Сиқымбаева, Заттыбек Көпбосынұлы сынды өнер майталмандары әдемі кештің әрін кіргізді.
Аталған шара Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында карантин талаптарын сақтай отырып өткізілді.