"Жағдайы ауыр": Шымкентте 34 жастағы ер адамды атып кетті

0
1 439

Бейресми дереккөздердің мәліметіне сүйенсек, қылмыскерлер оқиға орнынан қашып үлгерген.


иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкент қаласындағы «На небе» мейрамханасының жанында ер адамды атып кетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы белгілі журналист Михаил Козачков өзінің телеграмм каналында жариялады.
Жазба мәліметінше, аталған оқиға қазанның 6-нан 7-не қараған болған.
«Оқиға салдарынан «Банзай» лақап атымен танылған 34 жастағы Александр Кущев жарақат алған. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр», - делінген жазбада.
Бейресми дереккөздердің мәліметіне сүйенсек, қылмыскерлер оқиға орнынан қашып үлгерген. Оқиға орнынан 3 қару мен ресейлік нөмірлі көлік табылған.
Әлеуметтік желіде тараған видеодан қылмыс орнында полицейлердің тексеру жұмыстарын жүргізіп жатқаны көрінеді. Алайда, аталған оқиға туралы Шымкент қалалық полиция департаменті әлі пікір білдірген жоқ.