"Жақсы кітап - жан азығы": Шымкентте жас аналардың қатысуымен жиын өткізілді

0
579

Аталған іс-шараның мақсаты - кітап оқу арқылы адам өз қоршаған ортаны, дүниені және өзін тануға және жаттау жадыны, ойлау дамытуына көмектесу.


Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Aутрич, NEET және жас отбасылармен жұмыс бөлімі және Еңбекші ауданы бөлімінің ұйымдастыруымен "Жақсы кітап - жан азығы" тақырыбында іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған іс-шараның мақсаты - кітап оқу арқылы адам өз қоршаған ортаны, дүниені және өзін тануға және жаттау жадыны, ойлау дамытуына көмектесу. Көп оқыған адам жады мықты болып, тез ойлап, тез қорыта алуына септігін тигізу.

Шара барысында "Аналар үйінің" жалғыз басты жас аналарын күйзелістен шығару мақсатында "Орталықтандырылған көпшілік кітапхана жүйесіне қарасты нөмері 7 кітапхана бөлімшесінің" кітапханашысы Ажар Айтбаева психологиялық, тұлғалық, шетел әдебиеттерінен кітаптар ұсынды.