Қазіргі таңда полиция қызметкерлері оқушы баланы ата-анасына аман-есен тапсырды.
Шымкентте жоғалып кеткен жасөспірім Алматыда жұмыс істеп жүрген жерінен табылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Абай аудандық полиция басқармасына жергілікті тұрғын көмек сұрап жүгінген. Ол өзінің 15 жасар інісінің белгісіз бағытқа шығып, қайта оралмағанын айтқан. Хабарды алған Абай АПБ КПБ-нің жедел уәкілі полиция аға лейтенанты Орынбек Өмірзақ шұғыл түрде жоғалған баланы іздеуге кіріскен.
"Тәртіп сақшысы қаланы түгел шолып шығып, баланың жүруі мүмкін жерлердің барлығын мұқият тексерді. Үздіксіз іздеу жұмыстарының нәтижесінде, жасөспірім Алматы қаласында көлік жуу орталығында жалдамалы жұмыс істеп жүрген жерінен табылды", - делінген баспасөз хабарламасында.
Қазіргі таңда полиция қызметкерлері оқушы баланы ата-анасына аман-есен тапсырды.