​ЖАҢА ПӘТЕР – ЖАҢА МҮМКІНДІК: ШЫМКЕНТТЕ ОТБАСЫЛАРҒА ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

0
143

Жаңа қоныс иелеріне пәтер кілттерін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков табыстады.


​ЖАҢА ПӘТЕР – ЖАҢА МҮМКІНДІК: ШЫМКЕНТТЕ ОТБАСЫЛАРҒА ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

Шымкент қаласында тұрғындардың баспана жағдайын жақсартуға бағытталған жұмыс жүйелі түрде жалғасуда.

«Отбасы банк» АҚ-ның «2-10-20» және «5-10-20» жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалары аясында 30 отбасы жаңа пәтерге қол жеткізді.

Жаңа қоныс иелеріне пәтер кілттерін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков табыстады. Көп қабатты үйлер Бозарық шағынауданында орналасқан. Баспаналы болғандардың қатарында көп балалы отбасылар, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар және бюджет саласының қызметкерлері бар.
Айта кету керек, жеке баспанаға қол жеткізу – әр отбасы үшін маңызды қадам. Қолданыстағы тұрғын үй бағдарламаларын жүзеге асырудың нәтижесінде қала тұрғындары баспана мәселесін шешіп, тұрмыс сапасын жақсартуға мүмкіндік алып отыр.
Бөлісу