AIBA президенті қызметінен кеткен өзбекстандық кәсіпкердің орнына адам келді

0
920

AIBA-ның бұрынғы президенті Гафур Рахимов өкілеттігін уақытша тоқтатты.


AIBA президенті қызметінен кеткен өзбекстандық кәсіпкердің орнына адам келді

ERNUR.KZ. Африкалық бокс конфедерациясының (AFBC) басшысы Мохамед Мустасан Халықаралық бокс қауымдастығы (AIBA) президентінің міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды, - деп жазады Vesti.kz.

AIBA-ның бұрынғы президенті Гафур Рахимов өкілеттігін уақытша тоқтатты. Ол сенбіде ұйымының атқарушы комитетінің шұғыл отырысы кезінде жаңа лауазымға бекітілді, - деп хабарлайды insidethegames.biz тілшісі.

Еске салсақ, AIBA президенті лауазымына қазақстандық Серік Қонақбаев үміткер болған. Ол сайлауда Рахимовтан жеңіліп, AIBA вице-президенті атанды.