Айбек Оралбай Азия ойындарының жеңімпазы атанды

0
123

Бұған дейін Төрехан Сабырхан Қазақстанға 12 жылдан кейін бокстан Азия ойындарының алтынын сыйлаған еді.


Айбек Оралбай Азия ойындарының жеңімпазы атанды

Фото: ҚБФ

ERNUR.KZ. Ал Айбек Оралбай бұған дейін 90 келіден жоғары салмақтың жартылай финалында Үндістан өкілі Нарендерді жеңген болатын, деп жазады inbusiness.kz.

Қазақстандық боксшы (+90 кг) финалда өзбекстандық Жахонгир Зокировті жеңді. Қорытынды есеп – 5:0.

Бұған дейін қазақстандық боксшы Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындары өзі үшін әлі бітпегенін, ақтық айқаста барын салатынын айтқан еді.

Осылайша, Ұлттық құрама капитаны Айбек Оралбай XX жазғы Азия ойындарында алтын иеленіп отыр.