Прокурорлық қадағалау актісі бойынша Экология департаменті кәсіпорынға жоспардан тыс тексеру жүргізді
фото: Sputnik / Анатолий Устиненко
ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысында кәсіпорынға экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін 100 млн теңгеден астам айыппұл салынды, деп жазады sputnik.kz.
Талдау барысында Глубокое ауданындағы "Юбилейно-Снегирихинское" кен орнында жер қойнауын пайдалану салдарларын жою бойынша "Востокцветмет" ЖШС-нің ұзақ уақыт бойы әрекетсіздігі анықталды.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша Экология департаменті кәсіпорынға жоспардан тыс тексеру жүргізді.
"Нәтижесінде ЖШС ҚР ӘҚБтК-нің 328-бабының 1-бөлігі бойынша (Қоршаған ортаға шығарындылардың технологиялық нормативтерін асыру) әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 100 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды", - дейді прокурорлар.
Сондай-ақ кәсіпорынға жер қойнауын пайдалану салдарларын жою және табиғат қорғау шараларының орындалуын жүйелі бақылауды қамтамасыз ету туралы ұйғарым берілді.


