Әйелдер боксынан әлем чемпионатында Қазақстан намысын қорғайтын спортшылардың тізімі жарияланды

0
645

​Қазір Шәміл Сафиуллин шәкірттері Босфор бұғазының жағасында оқу-жаттығу жиынында жүр.


Әйелдер боксынан әлем чемпионатында Қазақстан намысын қорғайтын спортшылардың тізімі жарияланды

ERNUR.KZ. Әйелдер боксынан әлем чемпионатында Қазақстанның намысын қорғайтын спортшылардың есімі белгілі болды, деп жазады Olympic.kz.

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы Ыстанбұлда өтетін XII әлем чемпионатына қарқынды дайындалып жатыр. Қазір Шәміл Сафиуллин шәкірттері Босфор бұғазының жағасында жаһанның мықты боксшыларымен бірге оқу-жаттығу жиынында жүр.
Байрақты бәсекенің ашылу рәсімі 8 мамырда өтсе, 21 мамырда әр салмақтың жеңімпазы тұғыр биігіне көтеріледі.
Қазақстан құрамасының тізімі:
48 кг. Алуа Балқыбекова
50 кг. Назым Қызайбай
52 кг. Жайна Шекербекова
54 кг. Дина Жоламан
57 кг. Карина Ибрагимова
60 кг. Римма Волосенко
63 кг. Аида Абикеева
66 кг. Дариға Шәкімова
70 кг. Валентина Хальзова
75 кг. Надежда Рябец
81 кг. Гүлсая Ержан
+ 81 кг. Ләззат Күнгейбаева