АҚШ-та жүйрік атқа Елена Рыбакинаның есімі берілді

0
656

«Рыбакинаның» жалпы табысы бүгінде 7 340 доллар болған.


АҚШ-та жүйрік атқа Елена Рыбакинаның есімі берілді

ERNUR.KZ. АҚШ-та жүйрік атқа қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның есімі берілді, деп жазады inform.kz.

Equibase-тегі профиліне сәйкес, Рыбакина есімді үш жасар жылқы өзінің жарыстағы мансабын жақында — 2023 жылы бастаған.

Осы уақытқа дейін екі жарысқа қатысып, оның бірінде үшінші орын алды.

«Рыбакинаның» жалпы табысы бүгінде 7 340 доллар болған.

Айта кетейік, асыл тұқымды жүйрік атқа Қазақстанның атақты спортшыларының есімін беру бірінші рет емес.

2020 жылдан бері атақты боксшы Геннадий Головкиннің есімімен аталатын Головкин атты сәйгүлік АҚШ-та өнер көрсетіп жүр.

Жылқының кәсіби рекорды 40 жарысты қамтиды.

Оның төртеуін жеңіп, алты жарыста екінші және тағы бесеуінде үшінші орынды иеленіп, иесіне 94 809 доллар табыс әкелді.