Халықаралық стандарттарға сай жаңа стадион «Халық Арена» мұз кешені маңында салынады. Ғимаратта бір мезгілде 5000 адам жаттыға алады.
ERNUR.KZ.ERNUR.KZ. Алматыда жеңіл атлетикалық спорт түрлеріне арналған заманауи спорт кешені салынады. Бұл туралы Медеу ауданы әкімі Ержан Жылқыбаев халықпен есепті кездесуінде мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат
Халықаралық стандарттарға сай жаңа стадион «Халық Арена» мұз кешені маңында салынады. Ғимаратта бір мезгілде 5000 адам жаттыға алады.
Аудан әкімі биыл аудан территориясын абаттандыру бойынша 12 жоба жүзеге асатынын айтты.
«Бұл қосымша 2500 адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді.Атап айтсақ, «Думан-2» шағын ауданындағы, «Меңдіқұлов», «Шухов» скверлері, орталық мешіттің айналасы, Журналистер скверінің, Мемлекеттік музей алдындағы алаң мен «28 Панфиловшылар» саябағының маңайы абаттандырылады. Онымен қатар, 10 көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Ал 19 көшеде жарықтандыру жасалады. 4 шақырым арық желісі жөнделеді. Достық, Әйтеке би, Төле би көшелері қайта жасаудан өтеді. Сонымен қатар, Халық арена ғимаратының қасынан жеңіл атлетикамен айналысатындарға 5000 орындық жабық стадион жасалады. Ауданда 20 жекеменшік балабақша ашылады. Думан шағын ауданындағы үш ауысымдық мектепте орын тапшылығын шешу үшін 850 балаға арналған қосымша ғимарат салынады», - деді Ержан Жылқыбаев.
Оның айтуынша, үш жылда 400 аула абаттандырылған.
2020 жылға дейінгі даму бағдарламасына сәйкес 47 үйде жөндеу жұмыстары аяқталады. 2018 жылы қалада инженерлік коммуникациялық желілерді жүргізу бойынша ауқымды жұмыс атқарылған. Горная, Әйтеке би, Жамбыл көшелерінің бойымен 2,5 шақырымдық су және жылу желісі жасалды.
Сонымен қатар, «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі» бағдарламасы аясында Алматыда орталық парк жөнделді. Оған 1,6 млрд теңге жұмсалды.