2022 жылы қарашада шетелдік кейбір БАҚ Месси 2023 жылы ПСЖ-дан кетіп, еркін агент ретінде америкалық клуб сапына өтетінін хабарлаған еді.
ERNUR.KZ. Америка чемпионатындағы "Интер Майами" футбол клубының бас бапкері Фил Невилл ПСЖ форварды Лионель Месси өзі жаттықтыратын командаға ауысуы мүмкін екенін жоққа шығармады, деп жазады vesti.kz.
"Мессидің трансфері? Неге болмасқа? Мұндай болуы мүмкін дегенге сенемін. Бүкіл әлемдегі футболшылар MLS мықты лига деп есептейді. Мұндай деңгейдегі кез келген келісім - уақыт талап ететін күрделі процесс. Егер Месси бізге келсе, мен бақытты боламын. Өйткені ең мықты футболшылармен жұмыс істеп, олардан үйренгенді жақсы көремін", - дейді Невилл.
2022 жылы қарашада шетелдік кейбір БАҚ Месси 2023 жылы ПСЖ-дан кетіп, еркін агент ретінде америкалық клуб сапына өтетінін хабарлаған еді.