Қазақстандық теннисші германиялық Александр Зверевпен бірге жартылай финалда америкалықтар Джон Изнер - Джек Сокпен күш сынасты.
ERNUR.KZ. Қазақстандық Андрей Голубев жұптық сында Индиан-Уэллс мастерс турнирінің финалына шыға алмады, деп жазады ҚазАқпарат.
Қазақстандық теннисші германиялық Александр Зверевпен бірге жартылай финалда америкалықтар Джон Изнер - Джек Сокпен күш сынасты.
Америкалық жұп 6:3, 6:2 есебімен жеңіске жетті.
Бір сағаттай уақытқа созылған матчта қазақстандық-германиялық жұп 3 эйс жасап, 3 брейк-пойнттың бірде-біреуін пайдалана алмады. Қарсыластары 7 эйс, 3 брейкпен көзге түсті.
Осылайша өз спорттық жолында алғаш рет мастерс турнирінің жартылай финалына шыққан А.Голубев одан әрі аса алмады.