ERNUR.KZ. 18 сәуір күні футболдан Қазақстан кубогының кубогының 1/8 финал матчтары өтті. Шымкенттегі «Қажымұқан» стадионында «Қыран» клубы «Ордабасы»мен кездесті.
ERNUR.KZ. 18 сәуір күні футболдан Қазақстан кубогының кубогының 1/8 финал матчтары өтті. Шымкенттегі «Қажымұқан» стадионында «Қыран» клубы «Ордабасы»мен кездесті.
Стадионға жиналған жанкүйерлер 9-минутта алғашқы голға куә болды.
«Ордабасы» ұжымының шабуылшысы Виталий Ли қорғаушылардың қатесінен соң есепті ашты. 22-минутта «Қыран» жартылай қорғашуысы Владимир Сидельников ойын тәртібін бұзғаны үшін төреші алаңнан қуап шықты. Айып добынан Мардан Төлебек тамаша гол соғып таблоғады есепті 2:0 ге жеткізді.
Үзілістен соң Георги Дерменжиевтің шәкірттері жылдам шабуылдап, тағы біреше гол соқты.
48 – минутта Қайрат Әшірбеков есімін таблоға жаздырды. Араға 3 минут салып, Мардан Төлебек дубль авторы атанды. Қалған минуттарда «Ордабасы» футболшылары тағы 2 гол соғып, 6:0 есебімен жеңіске жетті.
Ал, «Мақтаарал» мен «Астана» арасындағы матчта сенсация орын алды. 42 – минутта алаң қожайындары есепті ашты. Гол авторы Ермурзаев. 57 – минутта Абутов нәтижені еселеді – 2:0. 80 – минутта «Мақтааралдың» 3 – голына Нәбиев авторлық жасады. Матч соңында елордалықтар бір голдың қарымтасын қайтарды.Қортынды есеп – 3:1.
Алматының «Қайрат» командасы сырт алаңда «Оқжетпес» командасын 5:3 есебімен жеңіп, келесі айналымға жолдама алды.