Біржан Оразов ХХІ ғасырда ең жылдам гол соққан футболшы деп танылды

0
253

Оразов Испания құрамасына қарсы матчта есеп ашып, 1:1 есебімен тең ойнауға көмектесті.


Біржан Оразов ХХІ ғасырда ең жылдам гол соққан футболшы деп танылды

ERNUR.KZ. ФИФА Біржан Оразовтың жеті секундта соққан голын ең жылдам гол деп таныды, деп жазады inbusiness.kz.

Бұл көрсеткіш ХХІ ғасырдағы футзал бойынша әлем чемпионаттарында тіркелген голдар бойынша есептелген.

Оразов Испания құрамасына қарсы матчта есеп ашып, 1:1 есебімен тең ойнауға көмектесті.

Еске салайық, Қазақстан құрамасының келесі қарсыласы - Ливия құрамасы. Кездесу, 18 қыркүйек күні өтеді.