Бокс олимпиада ойындарынан алынып тасталуы мүмкін

0
436

Маңызды шешім 2025 жылы қабылданады.


Бокс олимпиада ойындарынан алынып тасталуы мүмкін

ERNUR.KZ. Халықаралық олимпиада комитетінің президенті Томас Бах бокс Лос-Анджелестегі келесі ойында Олимпиадалық спорт түрлері тізімінен алынып тасталуы мүмкін екендігін мәлімдеді, деп жазады baq.kz.

360.ru таратқан мәліметке сүйенсек, маңызды шешім 2025 жылы қабылданады.

Мүмкін келесі жылы да қабылданып қалуы ғажап емес. Неғұрлым тезірек, тіпті бірінші жартыжылықта шешім қабылданғанын қалаймыз. Бірақ одан ертерек болуы екіталай, - деді Халықаралық олимпиада комитетінің президенті Томас Бах.

Айта кетейік, осы қағида бойынша карате үш жыл бұрын Олимпиада ойындарынан алынып тасталған еді.

Бокстың алынып тасталуы туралы айту әлі ерте. Өйткені Томас Бах егер мұндай шешім қабылданса, ұлттық ұйымдар бокс бойынша халықаралық сайыстар өткізу үшін ұлттық ұйымдар бірігуі қажеттігін айтты.