Бүгін Қазақстан құрамасы Әзербайжанмен жолдастық кездесу өткізеді

0
241

ФИФА рейтингісінде Қазақстан 100-орында тұрса, Әзербайжан 113-орында келеді.


Бүгін Қазақстан құрамасы Әзербайжанмен жолдастық кездесу өткізеді

ERNUR.KZ. Бүгін футболдан Қазақстан және Әзербайжан құрамалары арасында жолдастық кездесу өтеді. Ойын Венгрияның Сомбатхей қаласындағы "Халадаш" стадионында болады. Кездесу 11 маусымда сағат 19:00-де Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі, деп жазады vesti.kz.

Құрамалар бұған дейін өзара 11 мәрте кездескен, бұл – рекордтық көрсеткіш. 5 ойында Қазақстан құрамасы, 3 ойында Әзербайжан жеңіске жеткен. 3 кездесуде жеңімпаз анықталмаған.

ФИФА рейтингісінде Қазақстан 100-орында тұрса, Әзербайжан 113-орында келеді.

Бұл ойында Қазақстан құрамасы бас бапкері міндетін қазақстандық маман Руслан Балтиев атқарады.

Айта кетейік, 7 маусымда Қазақстан құрамасы Арменияға 2:1 есебімен есе жіберген еді.