Қарымта ойындар 19 сәуірге белгіленген.
ERNUR.KZ. UEFA Чемпиондар лигасы ширек финалында екі ойын өтті, деп жазады ҚазАқпарат.
Екі ойынның бірінде «Манчестер Сити» (Англия) мен «Бавария» (Германия) кездесті.
Ойынның 27-минутында «Манчестер Сити» сапынан Родриго Эрнандестің алыстан тепкен добы қақпа торында тулап жатты.
Екінші кезеңде де командалар жиі шабуылға шықты. Осындай сәттердің бірінде ағылшын клубынан Бернанду Силва 70, Эрлинг Холанд 77-минутта басымдықты арттырды.
Кездесуде «Манчестер Сити» қарсыласынан 3:0 есебімен басым түсті.
Тағы бір кездесуде «Бенфика» (Португалия) мен «Интер» (Италия) командалары шеберлік байқасты.
Ойын барысында италиялық клубтан Николо Барелла 51-минутта есеп ашса, Ромелу Лукаку 81-минутта пенальтиден мүлт кеткен жоқ.
Аталған кездесуде «Интер» сырт алаңда 2:0 есебімен басым түсті.
Қарымта ойындар 19 сәуірге белгіленген.
Сондай-ақ, сәуірдің 12-нен 13-не қараған түні ширек финалдың алғашқы кездесуінде «Милан» (Италия) мен «Наполи» (Италия), «Реал Мадрид» (Испания) мен «Челси» (Англия) командалары кездеседі.