Футболдан Португалия құрамасының бас бапкері Сантуш орнын босатты

0
965

68 жастағы маман Португалия құрамасын 2014 жылдан бастап басқарып келді.


Футболдан Португалия құрамасының бас бапкері Сантуш орнын босатты

ERNUR.KZ. Португалия құрамасының бас бапкері Фернанду Сантуш Португалия құрамасының бас бапкері қызметінен кетті. Бұл ақпаратпен команданың баспасөз қызметі әлеуметтік желіде бөлісті, деп жазады zakon.kz.

Сантуштың басшылығымен португалдықтар 2022 жылғы әлем чемпионатында ширек финалға дейін барып, Марокко командасынан ұтылды (0:1). Еуро-2020 кезінде ұлттық құрама 1/8 финалға шықты, ол кезде де аз айырмамен Бельгиядан ұтылды, ал Ресейдегі Әлем кубогында тағы да 1/8 финалға жетіп, Уругвайға жол берген еді. Еуро-2016 турнирінде команда жеңіске жетіп, көрермендеріне керемет ойын сыйлап, нағыз қуанышты сәттерді бастан өткерген болатын.

68 жастағы маман Португалия құрамасын 2014 жылдан бастап басқарып келді. Оның басшылығымен Португалия 2019 жылы УЕФА Ұлттар лигасының жеңімпазы атанды.