Головкин Деревянченкомен чемпиондық белбеуге таласады: жекпе-жек туралы деректер

0
955

Боксшылар IBF Канелодан қайтарып алған титул үшін жекпе-жекке шығады.


Головкин Деревянченкомен чемпиондық белбеуге таласады: жекпе-жек туралы деректер

ERNUR.KZ. Халықаралық бокс федерациясы (IBF) қазақстандық Геннадий Головкин мен украин Сергей Деревянченконы орта салмақ дәрежесіндегі титул үшін жұдырықтасуға міндеттеді, деп жазады sputniknews.kz.

Тараптар 4 қыркүйекке дейін келісімге келмесе, промоутерлік сауда-саттық жүргізіледі.

Деревянченконың промоутері Лу ДиБелланың пікірінше, тараптар оған жеткізбей, келісімге келеді.

"Біз сөйлескенбіз, көп ұзамай мәмілеге келетінімізге сенімдімін", - деп ол бұған дейін айтқан болатын.

Жекпе-жек 5 қазанда өтуі тиіс – бұл күнді DAZN платформа алдын ала таңдап қойды, кездесу Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында болуы ықтимал, деп жазады Sports.kz.

Сонымен бірге IBF еске сала кеткендей, титулға ие болған боксшы алты ай ішінде белбеуді қорғауы тиіс. Чемпиондыққа үміткер IBF рейтингінде орта салмақта көш бастап тұрған былғары қолғап шебері болуы міндетті, қазір ол – поляк боксшысы Камил Шеремета (20-0, 4 КО).

IBF чемпиондық титулын Геннадий Головкин бұған дейін де иеленген болатын, алайда былтыр белбеуді қорғау үшін Деревянченкоға қарсы жекпе-жектен бас тартқаны үшін айырылып қалды.

Сергей Деревянченко (13-1, 10 КО) Украинада 1985 жылы 31 қазанда дүниеге келген. Кішкентай кезінен бокспен шұғылданған. Талай жыл әуесқой бокста жүріп, 2014 жылы кәсіпқой боксқа келді.