Головкиннің келесі жекпе-жегін кіммен өткізетіндігі белгілі болды

0
916

Бұған дейін Сауль «Канело» Альварес 14 қыркүйек күні жекпе-жек өткізбейтінін мәлімдеген болатын.


Головкиннің келесі жекпе-жегін кіммен өткізетіндігі белгілі болды

ERNUR.KZ. Белгілі мексикалық журналис Хосе Луис Комарильоның айтуынша, Хайме Мунгия Мексиканың Тәуелсіздік күні қарсаңында Геннадий Головкинмен кездеспек, деп жазады ҚазАқпарат.

«Мексиканың Тәуелсіздік күнінде «Канелоның» орнына Хайме Мунгия жекпе-жек өткізеді. Қарсылас ретінде Геннадий Головкин таңдалатын болар, ал жекпе-жек Лас-Вегаста өтеді», - деп жазды Комарильо.

Еске сала кетейік, бұған дейін Сауль «Канело» Альварес 14 қыркүйек күні жекпе-жек өткізбейтінін мәлімдеген болатын. Соған байланысты, сарапшылар орта салмақтағы ең жақын айтулы айқас Головкин мен Мунгия арасында болады деп болжап отыр. Әрі жас мексикалықтың командасы да Головкинмен арадағы жекпе-жекке қызығушылық танытқан.