"Мамонты Югры" ресейлік командасының хоккейшісі ойын кезінде қазақстандық "Қар барысы" ойыншысын жарақаттады,-деп хабарлайды sputniknews.kz.
фото: hcbarys.kz
"Мамонты Югры" ресейлік командасының хоккейшісі ойын кезінде қазақстандық "Қар барысы" ойыншысын жарақаттады,-деп хабарлайды sputniknews.kz.
Әлеуметтік желідегі mediasportkz парақшасы хабарлағандай, оқиға Жастар хоккей лигасының матчы кезінде болған: "Мамонты Югры" командасының 20 жастағы қорғаушысы Дмитрий Юшкевич "Қар барысының" қақпашысы — он алты жастағы Вилен Прокофьевтің мойнын конькимен кесіп жіберген. БАҚ мәліметіне сүйенсек, бозбаланың жарақаты терең емес көрінеді. Дегенмен, қақпашы ойын алаңын тастап кетуге мәжбүр болды.
Ойын 1-6 есебімен "Мамонты Югры" жеңісімен аяқталды.