Қазақстандық боксшылар Венгриядағы халықаралық турнирден үш алтын алды

0
889

Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы үш алтын, бір күміс, төрт қола медальға қол жеткізді.


Қазақстандық боксшылар Венгриядағы халықаралық турнирден үш алтын алды

ERNUR.KZ. Дебреценде (Венгрия) бокстан халықаралық «Иштван Бочкай» турнирінің финалы өтті, деп жазады Olympic.kz.

Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы үш алтын медальға қол жеткізді.

52 келіге дейінгі салмақта Сабырхан Махмуд финалда Лалитха Прасада Полипаллиді (Үндістан) ұтты. 91 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынғаа түскен Айбек Оралбай қарсылас шақ келтірмеді. Ол финалда үндістандық Гаурава Чауханды ұтты.

Ал әйелдер арасында Римма Волосеннко ресейлік Ектерина Дынниктен басым түсті.

Сондай-ақ, Талғат Шәйкен фрнциялық Вахид Хамблиге жол беріп, күміске ие болды. Осыған дейін Айдос Арапов (57 кг), Нұрбек Оралбай (81 кг), Дамир Тойбай (+91 кг) және Марина Вольнова (-69 кг) қола жүлдегер атанған болатын.