Қазақстандық дзюдошы жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды

0
927


Қазақстандық дзюдошы жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды

ERNUR.KZ. Қазақстандық Санжар Ерұланұлы Перудің Лима қаласында жасөспірімдер арасында дзюдодан өтіп жатқан әлем чемпионатында үздік шықты, деп жазады kaz.inform.kz.

Қазақстан дзюдо федерациясынан мәлім еткеніндей, Санжар Ерұланұлы 90 келіге дейінгі салмақта финалда украиналық қарсыласы Лебид Дмитроны уақытынан бұрын таза жеңді

Әлемдік рейтингіде 5-орында тұрған қазақстандық дзюдошы жарысты екінші айналымнан бастап, әуелі Мунгун Учрал Ууганбаярды (Моңғолия), ширек финалда Гиорги Гелашвилиді (Грузия) жолдан тайдырды. Ал жартылай финалда украиналық Аркадии Смаиловтан басым түсті.

Осыған дейін биыл жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионатында 90 келіге салмақта жеңімпаз атанған Санжар енді әлемдік додада алғаш рет озық шығып отыр.

Лимадағы әлем біріншілігіне 48 елден 403 жас татами шебері қатысып жатыр.