5 қазанда таңертең қаладағы Б.Құлманов көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде кенеттен жолаушылар лифті құлаған.
Фото: azh.kz
ERNUR.KZ. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, оқиға шамамен сағат 10:05-те болған. Ішінде 4 ересек адам мінген лифт үшінші қабат деңгейінен құлаған. Алдын ала болжам бойынша, оқиғаға техникалық ақау себеп болуы ықтимал, деп жазады inbusiness.kz.
Зардап шеккендерді медицина қызметкерлері тексерген. Куәгерлердің мәліметінше, үш адам Атырау облыстық ауруханасына жеткізілген. Тағы бір адам ауруханаға жатудан және медициналық көмектен бас тартқан.
Қолда бар ақпарат бойынша, зардап шеккендердің ешқайсысы ауыр жарақат алмаған.
Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.


