Қазақстандық таеквондошылар Fajr Open турнирін үш медальмен аяқтады

0
861

Иранда таеквондодан халықаралық Fajr Open турнирі аяқталды.


Қазақстандық таеквондошылар  Fajr Open турнирін үш медальмен аяқтады

ERNUR.KZ. Жарыстың соңғы күнінде Қазақстанның ерлер құрамасы бір қола медаль иеленді, деп жазады olympic.kz.

Бұл жүлде 80 келіде бақ сынайтын Нұрлан Мырзабаевқа тиесілі.

6-9 наурыз аралығында өткен аламан қорытындысы бойынша құрама қоржынында бір күміс және екі қола медаль бар.

Естеріңізге сала кетсек, турнирдің алғашқы күнінде Жансель Дениз (73 кг) бен Әмина Нұрғазықызы (62 кг) күміс және қола медальмен көзге түскен. Бұл нәтиже Қазақстанның әйелдер құрамасының үздік үштікке енуіне мүмкіндік берді.