Италияда өткен турнирдің жеңімпазы атанған Жәбек Құламбаева әлемдік рейтингте бірнеше саты жоғары көтеріліп, жеке рекордын жаңартты.
ERNUR.KZ. Римде (Италия) өткен ITF World Tennis Tour турнирінің жұптық сайысында Жібек Құламбаева жеңімпаз атанды, деп жазады inbusiness.kz
Қазақстандық теннисші қыз беларусь өкілі Юлия Готовкомен финалда колумбиялық Юлиана Лисарасо/Мария Паулина Перес Гарсия жұбын 6:4, 6:4 есебімен ұтты. Жалпы, Жібек қазір жұптық сайыста 22 ITF титулына ие. Бұған дейін қазақстандық W15 және W25 санатындағы турнирлерде жеңіске жетіп, мансабында алғаш рет W60 сериясында да чемпион атанған болатын. Римдегі табысының арқасында Құламбаева жұптық сайыс бойынша жаңартылған WTA әлемдік рейтингінде спорттық мансабындағы рекордтық 174-орынға көтеріледі.Ал Зальцбургте өтіп жатқан Челленджер сериялы турнирінің жұптық сайысында қазақстандық Андрей Голубев украиналық Денис Молчановпен бірге жеңімпаз атанды.
Қазақстандық-украиналық дуэт жүлде қоры 145 мың еуро болатын ATP Challenger 125 SALZBURG OPEN 2023 турнирінің жұптық сайысында үшінші нөмірмен тіркеліп, финалда осы жарыстың төртінші жұбы үндістандық Анируду Сандрасені/Виджай Сундар Прашантома 6:4, 7:6 (10:8) есебімен жеңді.
Андрей мен Денис мамыр айында Turin Challenger аясындағы алғашқы бірлескен жеңістерін тойлады. Ал жалпы қазақстандық теннисші Челленджердің жұптық сайысында 16 жеңіске (осы маусымда екі) жетті. Осылайша қазақстандық теннисшілер қомақты сыйақыдан қатар, әлемдік рейтингтегі орындарын біршама жақсартты.