Қазақстандық жасөспірімдер әлемдік рейтингіде жеке рекордтарына қол жеткізді

0
479

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткендей, қазақстандық жас теннисшілер алдыңғы аптамен салыстырғанда, едәуір жоғары көтерілді.


Қазақстандық жасөспірімдер әлемдік рейтингіде жеке рекордтарына қол жеткізді

ERNUR.KZ. Халықаралық теннис федерациясы (ITF) 18 жасқа дейінгілер арасында жаңартылған әлемдік рейтингіні жария етті, деп жазады ҚазАқпарат.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткендей, қазақстандық жас теннисшілер алдыңғы аптамен салыстырғанда, едәуір жоғары көтерілді.

Максим Батютенко бірден 16 сатыны артқа тастап, 59-орынға жайғасты. Душанбеде абсолютті жеңімпаз атанған Виталий Зацепин 588-ден 498-ге жоғарылады.

Қыздар арасында Аружан Сағындықова алғаш рет үздік 60 теннисшінің қатарына кірді, қазір ол 51-сатыда. Сондай-ақ, көрсеткіштерін жақсартқан Сандуғаш Кенжебаева 65-ші (+24), Жанель Рүстемова 128-ші (+9), Еркежан Арыстанбекова 179-орында (+26) келеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның әлемдегі үздік 25 теннисшінің қатарына қайта кіргенін, қазақстандық теннисшінің Грузиядағы жарыста үздік шыққанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ, Елена Рыбакина Цинциннати турнирін сәтті бастады.