Қазақстандық жасөспірімдер құрамасы семсерлесуден күміс жүлде алды

0
171

Ал алтын медаль үшін өткен кездесуде Қазақстан құрамасы Мысыр спортшыларына есе жіберді.


Қазақстандық жасөспірімдер құрамасы семсерлесуден күміс жүлде алды

Фото: Olympic.kz

ERNUR.KZ. Шпагамен семсерлесуден Қазақстан құрамасы Базельде (Швейцария) өткен жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогының финалына дейін жетті, деп жазады inbusiness.kz.

Командалық жарыста еліміздің намысын Богдан Лукин, Кирилл Проходов, Нұржан Әбжанов және Георгий Тинников қорғады. Жартылай финалда қазақстандық шпагашылар Швеция құрамасынан басым түсті.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан әйелдер құрамасы рапирамен семсерлесуден жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогында үшінші орын алған еді.

Сонымен қатар жекелей сында Софья Ақтаева жеңімпаз атанды.