2018 жылдың қазан айында Хабиб Конорды тұншықтыру әдісін қолданып ұтқан еді.
ERNUR.KZ. UFC басшысы Дэйна Уайт Макгрегор-Хабиб арасындағы екінші жекпе-жекті ұйымдастырғысы келсе, қомақты қаржы дайындауы керек, деп жазады Prosports.kz.
Жеңіл салмақтағы UFCчемпионы Хабиб Нурмагомедовтың әкесі қандай жағдайда ұлының Конор Макгрегормен екінші рет жекпе-жек өткізетінін айтты.
- Жасыратыны жоқ, бізге де бұл реванш керек. Бірақ 100 миллион еуро беріңіздер. Фергюсонмен өтетін жекпе-жектің ертесі күні осы ақшаны дайындаңыздар. Неге реванш ұйымдастырмасқа?, - дейді ол.
Айта кетейік, 2018 жылдың қазан айында Хабиб Конорды тұншықтыру әдісін қолданып ұтқан еді.
Бүгін Конор-Серроне арасындағы төбелес 40 секунд ішінде ирландиялықтың жеңісімен аяқталды.