Бірінші раундтан бастап Лопес басымдықты өз қолына алды.
ERNUR.KZ. Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) жеңіл салмақтағы украиналық Василий Ломаченко (14-1, 10 КО) мен америкалық Теофимо Лопес (15-0, 12 КО) арасында жекпе-жек өтті, деп жазады Prosports.kz.
Бірінші раундтан бастап Лопес басымдықты өз қолына алды. Бесінші раундтың басындағы көрсеткіш бойынша Лопес қарсыласынан жалпы соққы санынан бес есе, дәл соққыдан үш есе басымдыққа ие болды (35:13).
Жекпе-жекті өз пайдасына айналдыру үшін украиналық боксшы кездесу соңына қарай белсенділік танытты. Бірақ оның бұл талпынысы жеткіліксіз болды.
23 жастағы америкалықтың алғашқы раундтардағы артықшылығы оған бұл жекпе-жекте жеңіс әкелді. Осылайша, ол жеңіл салмақта әлемнің абсолютты чемпионы атанды. Үш төреші де Лопесті жеңімпаз деп таныды - 116:112, 119:109, 117:111.