Месси 15 маусымда Аустралияға қарсы жолдастық матчта ойнайды.
ERNUR.KZ. Қытайға жолдастық кездесу өткізуге келген Лионель Мессидің испаниялық төлқұжаты үшін проблема туындады, деп жазады stan.kz.
Месси 15 маусымда Аустралияға қарсы жолдастық матчта ойнайды. Ойын Пекин стадионында өтеді.
11 маусымда Аргентина құрамасының шабуылшысы дайындықты бастау үшін Қытайға келген. Алайда футболшыны әуежайда полиция ұстап қалған.
Қытайға Месси визасыз кіруге мүмкіндік беретін Аргентина төлқұжатымен емес, испаниялық құжатпен келген. Испания азаматтары визасыз тек Тайваньға кіре алады.
Футболшы болған жағдайды полицияға түсіндірген соң оған тез арада виза рәсімдеп беріпті. Аргентина құрамасы Аустралиядан соң Индонезияға қарсы ойын өткізеді.