Футболшының жалақысы да аталды.
"Алтын доптың" алты дүркін иегері аргентиналық шабуылшы Лионель Месси мансабын Францияның ПСЖ футбол клубында жалғастырады. ПСЖ клубының иесі және Катар әмірінің інісі Халифа бен Хамад Аль-Тани аргентиналық шабуылшы Лионель Мессимен келіссөздердің аяқталғанын мәлімдеді, деп жазады Vesti.kz.
Әлеуметтік желіде жасаған жариялымында ол футболшының франциялық "Пари Сен-Жермен" клубының киіміндегі суретін қоса бекіткен екен.
"Келіссөздер ресми түрде аяқталды. Құлақтандыру кейін болады", - деп мәлімдеді Халифа Бен Хамад Аль-Тани.
Шабуылшы Лионель Месси француздың "Пари Сен-Жермен" футбол клубымен келісімшарт бойынша бонустарды ескере отырып, жылына 50 миллион еуро алатыны айтылды, бұл туралы журналист Николо Скира Twitter-дегі парақшасында жазды.