Милад Карими қыркүйек айының үздік спортшысы атанды

0
639

Гимнаст 73,19 дауыс жинады.


Милад Карими қыркүйек айының үздік спортшысы атанды

ERNUR.KZ. Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің ресми сайтында айдың үздік спортшысын анықтауға арналған дауыс беру рәсімі аяқталды, деп жазады olympic.kz.

Дауыс беру қорытындысы бойынша қыркүйек айының үздік спортшысы атағын спорттық гимнастикадан Қазақстан командасының өкілі Милад Карими жеңіп алды.

Дауыс беру рәсіміне бес үміткер қатысты. Олар – Милад Карими (спорттық гимнастика), Дарын Қонысбаев (триатлон), гандболдан Қазақстан әйелдер командасы, нысана көздеуден және регбиден 18 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар командасы қатысты.

8 қазан күні сағат 12:00-де дауыс беру аяқталды. Осы аралықта Милад Карими жеңіске жеткен. Гимнаст 73,19 дауыс жинады.

Оның ізін ала регбиден Қазақстан қыздар командасы орналасса, үздік үштікті нысана көздеуден Қазақстан командасы иеленді.