Нурмагомедов Макгрегормен жекпе-жек үшін 100 миллион доллардан бас тартты

0
632

Видео YouTube желісіндегі Sport24 арнасында жарияланды.


Нурмагомедов Макгрегормен жекпе-жек үшін 100 миллион доллардан бас тартты

ERNUR.KZ. Аралас жекпе-жек шебері (MMA) ресейлік Хабиб Нурмагомедов Сауд Арабиясында Конор Макгрегормен өтуі мүмкін екінші кездесуі туралы пікір білдірді. Спортшы бұл туралы Дағыстандағы баспасөз мәслихатында айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Сұқбат барысында ресейлік спортшы ирландиялықпен екінші жекпе-жекке қызығушылық танытпайтынын білдірді.
Одан бөлек, Нурмагомедов бір жекпе-жегінен 100 миллион доллар таба алмайтынын айтып өтті.
"Егер олар дәл осындай қомақты қаржы ұсынса, мен не істеймін? Сіз ақша құя алатын басқа да спорт түрлері бар. Конорды қайта жеңу үшін маған 100 миллион доллар не үшін қажет?", - деді Хабиб.
Сондай-ақ, аралас жекпе-жек шебері бос уақытында отбасына көп уақыт арнағысы келетінін жеткізді.

Ол саясатқа мүлде араласқысы келмейтінін де жасырмады.