"Ордабасы" клубы еурокубоктан тыс қалды

0
1 131

«Ордабасы» футбол клубы УЕФА клубтық турнирлеріне қатысу үшін қаржылық фэйр-плэй және футбол клубтарын сертификациялау ережесінің» қаржылық талаптарды орындамаған.


ERNUR.KZ. Қазақстан футбол федерациясының сертификация комиссиясының отырысында комиссия «Ордабасы» футбол клубына 2018/2019 жылғы маусымда УЕФА жарыстарына қатысу құқығына Сертификат беруден бас тарту шешім шығарды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тішісі ҚФФ ресми сайтына сілтеме жасап.

Оған себеп «Ордабасы» футбол клубы УЕФА клубтық турнирлеріне қатысу үшін қаржылық фэйр-плэй және футбол клубтарын сертификациялау ережесінің» қаржылық талаптарды орындамаған. Атап айтқанда, әлеуметтік қорлар мен салықтық органдар алдында кредиторлық қарыздарды өтеу уақытының бақылау мерзімін бұзған.

"Орадабасы" ФКның баспасөз қызметімен байланысқа шығып, мән - жайын білеуге тырыстық. Бірақ, федерация сайытнда шыққан мәліметтен басқа ақпарат жоқ екенін айтты.

«УЕФА клубтық турнирлеріне қатысу үшін қаржылық фэйр-плэй және футбол клубтарын сертификациялау ережесінің» негізіне сәйкес өткен Сертификация комиссиясының отырысында келесі шешімдер қабылданды:

- 2018/2019 жылғы УЕФА маусымының клубық жарыстарына қатысу құқығы үшін келесі клубтарға сертификат беру:

«Астана» футбол клубы (Астана қаласы);

«Қайрат» футбол клубы (Алматы қаласы);

«Ертіс» футбол клубы (Павлодар қаласы).